МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

    🔹 Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Карибаева, бас маманы А.Серикова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметшілеріне семинар-кеңес өткізді.

    🔹 Семинар барысында департамент қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның жаңашылдықтары кеңінен түсіндірілді.

    🔹 Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметке ерте кәсіби бағдарлау, қабылдау тәртібі, өткеру ерекшеліктері мен мансаптық өсуге қатысты өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, олардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

    🔹Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындаудың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

    🔹 Іс-шара соңында, туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, қызметшілер тарапынан түскен ұсыныстар назарға алынды.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ" жаңалықтары