Инвестиция тарту мен өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды

    ·
    Инвестиция тарту мен өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды

    Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық жобаларды тарту, сондай-ақ аудан аумағындағы байланыс сапасын жақсарту мәселелері қаралды.

    Жиында сала басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жоспарларды таныстырды.

    Аудан әкімі өңдеу өнеркәсібінің көлемін ұлғайту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, инвесторлармен жұмысты күшейту және тұрғындарды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

    Сонымен қатар, мәжілісте жаз мезгіліндегі қауіпсіздік мәселелері де кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, дала өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды күшейту және су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауапты мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

    Жиын соңында аудан әкімі барлық жауапты басшыларға хаттамалық тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеп, әрбір мәселе тұрақты бақылауда болатынын ескертті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары