🛡️ «Цифрлық тұзақтар»: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады

    🛡️ «Цифрлық тұзақтар»: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады

    Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ақтөбе облысының Волонтерлік фронт-офисымен бірлесіп, Шығармашылық академиясында «Цифрлық тұзақтар: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады» атты форум-тренинг өткізді.

    Іс-шара интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық әрі цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында Өңірлік белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының өкілдері (зейнеткерлер) үшін ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану қағидалары және ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ телефон алаяқтарының, қаржы пирамидаларының және өзге де қылмыстық схемалардың құрбаны болмаудың тиімді тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

    Форум-тренингке қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті және цифрлық кеңістікте қауіпсіз әрекет ету бойынша практикалық ұсынымдар алды.

    Ұқсас материалдар