Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланды

    ·
    Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланды

    Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланды

    Басқарма басшысы Сержан Назарбек Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясында болып, ауылда орналасқан жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің қызметіне назар аударып, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мәселелерін көтерді.

    Нәтижесінде Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бағлан Жүнісбековке бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, жедел жәрдем қызметкерлері үшін қолайлы жұмыс жағдайын жасау, арнайы демалыс және жұмыс орындарын ұйымдастыру, санитарлық автокөліктерге арналған тұрақ орнын жабдықтау, сондай-ақ Шығанақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ әзірлеу тапсырылды.

    Басқарма басшысы ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырумен қатар, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту да басты назарда екенін атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары