АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

    ·
    АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
    Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
    Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуалдың қазіргі жай-күйі мен ықтимал тәуекелдер туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалеке Марат баяндама жасады.
    Келесі кезекте Отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесіндегі D және E санатындағы отбасылардың санын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дауырхан баяндап, көрсеткіштерді жақсарту бойынша қолға алынған шараларға тоқталды.
    Мәжілісте сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңашылдықтар таныстырылды. Баяндаманы персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Әшіров Нұрбек ұсынды.
    Күн тәртібіндегі соңғы мәселе ретінде орындаушылық тәртіптің сақталуы және аудан аумағында анықталған кемшіліктер қаралды.
    Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелер бойынша жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және орындаушылық тәртіпті күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
    ©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары