САУРАН АУДАНЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

    ·
    САУРАН АУДАНЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
    Түркістан қаласында өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің қорытындысында Сауран ауданы жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде үздік өнер ұжымдары мен жеңімпаздар марапатталды.
    Биылғы байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Ордабасы ауданына бұйырса, І орынды Жетісай, Түлкібас аудандары лайық деп танылды. ІІ орын Сауран, Мақтаарал және Сарыағаш аудандары иеленді. ІІІ орын Кентау қаласы, Сайрам, Келес және Қазығұрт аудандарына табысталды.
    Фестиваль аясында Сауран ауданы ұлттық өнер мен мәдениетті, салт-дәстүрді және рухани мұраны насихаттайтын мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Өнерпаздардың шығармашылық ізденісі мен сахналық шеберлігі ауданның мәдени әлеуетін айқындай түсті.
    ©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары