Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекзат Абубакировтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оң қорытындысы негізінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалуы рәсімделіп, бес мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.
Мәжілісте аппарат қызметкерлері мен жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымдағы корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігуге қатысты заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, орындаушылық тәртіпті күшейту және Бірыңғай кадрлық жүйесі арқылы кадрлық құжаттарды жүргізу мәселелері қаралып, жауапты мамандар тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді.
Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бекзат Абубакиров мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын қатаң сақтауы, атқарушылық тәртіпті күшейтуі және жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындауы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудағы басты талаптардың бірі екенін атап өтті.





