Туризм саласын мемлекеттік қолдау жалғасуда

    Туризм саласын мемлекеттік қолдау жалғасуда

    Қызылорда облысында туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.Қазіргі таңда жол бойындағы сервис объектілеріне санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға субсидия төленіп келеді. Сонымен қатар, қолданыстағы қағидаларға сәйкес жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша кәсіпкерлік субъектісінің өтінімі комиссия қарауына ұсынылды.Мемлекеттік қолдау шаралары өңірдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға және жол бойындағы сервистің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының туризм басқармасы" жаңалықтары