Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

    ·

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты тиісті учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді. Бос орындар келесі комиссияларда құрылады:

    №135 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын;

    №137 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын;

    №142 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

    Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2026 жылдың 21 шілдесі мен 06 тамыз (қоса алғанда) аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

    Атырау облысы, Исатай ауданы, Егемен Қазақстан көшесі - 11, 1 – қатар, 19 - бөлме.

    Құжаттарды жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:

    Нұрлыбеков Айбек Рысбекұлы

    Байланыс телефоны: 8/71231/ 2 -04-53

    Электронды поштаның мекен-жайы: [email protected]

    Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.

    Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Исатай аудандық мәслихатының төрағасы Рахметов Аманжол Идиятоллаевичтің атына жолдайды. Оған:

    • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының облыстық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
    • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
    • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
    • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

    Исатай аудандық мәслихаты

    Ұқсас материалдар