Берікқара балалар лагерінде қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

    ·
    Берікқара балалар лагерінде қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

    Жуалы ауданыТөтенше жағдайлар бөлімі мен Талас ауданы №21 Майтөбе өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері бірлесіп Берікқара балалар лагерінде профилактикалық іс-шара өткізді.

    Кездесу барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік талаптары және терезеден құлаудың алдын алу шаралары түсіндірілді.

    Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі айтылып, қауіпсіздік бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды. Құтқарушылар балаларды қауіпсіздік ережелерін әрдайым сақтауға шақырды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары