Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы "Қарасора - 2026" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Маусым айынан бастап қарасора өсетін өңірлерде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Операцияға полиция қызметкерлері, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда. Сонымен қатар тікұшақтар, дрондар және Жерді ғарыштан бақылау технологиясы қолданылуда. Шу өңірі ерекше назарда. Мұнда дрондардың көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды. Сондай-ақ қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы қызмет атқаруда. Олар автожолдарда, теміржол объектілерінде және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда тексеру жүргізуде. Операция барысында қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, 550 килограмға жуық түрлі есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. "Қарасора" операциясы есірткі қылмысына қарсы күрестегі тиімділігін дәлелдеуде. Заманауи технологиялар мен кешенді шаралардың арқасында қойылған міндеттер нәтижелі орындалуда. "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың денсаулығын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Қызметтік иттер "Қарасора-2026" операциясы аясында 90 есірткі қылмысының жолын кесуге көмектесті
Ұқсас материалдар

Мемлекет басшысы Астанада AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумын ашты
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіАшу
Қазақстан газдандыру деңгейін 80%-ға қалай жеткізуді жоспарлап отыр?
ҚР ЭМАшу
Қарағанды облысында үздік учаскелік полиция инспекторлары анықталды
Қарағанды облысының әкімдігіАшу
АРДАҒЫ АРДАҚТЫ АРДАГЕР, ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚАРТТАР КҮНІ: АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
"" жаңалықтары

Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу«Таза Қазақстан»: Қызылорда полицейлері тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуде
Ашу
TikTok-та балағат сөздер айтқан Қызылорданың екі тұрғыны жауапқа тартылды
Ашу
Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Ашу