Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте 4 мас жүргізуші анықталды

    ·
    Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте 4 мас жүргізуші анықталды

    Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

    Рейдтік іс-шаралар барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір тәулік ішінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 4 жүргізушіні анықтады.

    Аталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

    Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқармауға шақырады.

    Мас күйде көлік жүргізу – тек жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық.

    Әрбір жүргізушінің жауапкершілігі – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі. Заң талаптарын сақтау арқылы өзіңіздің және өзгелердің өмірін қорғауға үлес қосыңыз.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары