
17 шілде 2026 жылы, Астана қаласы - «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Басқарма төрағасының м.а. Ж.Асанов Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) Үйлестірушісі Ф. Ердогмушпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 10-11 қыркүйекте Алматы қаласында БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен ынтымақтастық өтетін бірлескен іс-шараға, оның ішінде даму саласындағы жаңа серіктес елдердің ( Emerging Development Partners) үшінші отырысын және дамуға ресми көмек саласындағы техникалық семинардың дайындық мәселелерін талқылады.









