«Қауіпсіз балалық шақ – әрбір үйге»: «Жеңіс» саябағында профилактикалық акция өтті

    «Қауіпсіз балалық шақ – әрбір үйге»: «Жеңіс» саябағында профилактикалық акция өтті

    Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында ТЖМ қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ - әрбір үйге» профилактикалық акциясын өткізді.

    Іс-шара барысында ересектер мен балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шаралары түсіндірілді.

    Акция соңында балалар үшін өрт сөндіру техникасының мүмкіндіктері көрсетіліп, дәстүрлі су мерекесі ұйымдастырылды. Бұл шара бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары