Аудан әкімі бағалау компаниясы өкілдерімен бірге зардап шеккен нысандарды аралады

    ·
    Аудан әкімі бағалау компаниясы өкілдерімен бірге зардап шеккен нысандарды аралады

    Аудан әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылында болған қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлер мен нысандарды аралап, бағалау жұмыстарының барысымен танысты.

    🔹Аралау барысында тұрғындармен тілдесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ жауапты мекемелерге бағалау жұмыстарын заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі жедел аяқтауды және тұрғындарға тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

    🔹Қазіргі уақытта арнайы комиссия мен бағалау компаниясының мамандары барлық зардап шеккен нысандар бойынша бағалау жұмыстарын жалғастыруда. Жұмыстар аудан әкімінің тұрақты бақылауында.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары