📢Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

    ·
    📢Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

    ✅2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
    📌Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында Call-орталықтар жұмыс істейді. Онда әрбір азамат сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес ала алады.
    📍Сонымен қатар, сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін Sailau_Aqmo_bot Telegram-боты іске қосылды. Оның көмегімен сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге және өз сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.
    🔹Сайлауға қатысу - әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосып, халықтың пікірін білдіретін өкілді органды қалыптастыруға атсалысу мүмкіндігі.
    ❗️Барша Ақмола облысының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, ұсынылған сервистерді пайдаланып, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!
    ❗️ Сіздің дауысыңыз - ел болашағы үшін маңызды!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары