
ҚұрметтіБіржан сал ауданының тұрғындары!
2026жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді
Сайлаушылар тізімі тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша жасалатынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ не тіркелген жері бойынша дауыс беру күні болуды жоспарлайтын азаматтар дауыс беру күніне дейін 30 күннен кешіктірмей (2026жылғы 23 шілдеден кешіктірмей) Біржан сал ауданының әкімдігіне (Степнякқаласы, Біржан сал көшесі, 23 мекенжайы бойынша) өтініш беруі қажет.
Осы құқықты:
- дауыс беру күні олар тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;
- жоғары және орта арнаулы мекемелерде оқитын және жатақханадан тыс тұратын басқа қаладан келген студенттер;
-вахталықәдіспен жұмыс істейтіназаматтар пайдаланаалады.
Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтар тізімдерінің барынша дәйектілігі мақсатында, Біржан сал ауданында 8(71639) 21912 телефоны бойынша қоңырау шалып, сайлаушылар тізіміне енгізу және деректердің дұрыстығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін Call-орталық жұмыс істейді.
Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұмасағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.







