Меркі ауданында егістік алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    ·
    Меркі ауданында егістік алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері егін жинау науқаны кезінде өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының жүргізушілерімен, оның ішінде комбайн операторларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар ауыл шаруашылығы техникаларының техникалық жарамдылығын бақылаудың, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етудің және жанар-жағармай құю кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

    Сондай-ақ құрғақ шөп пен егін қалдықтарын өртемеу, ашық отты пайдаланбау, темекі тұқылын тастамау және төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарлау қажеттігі ескертілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары