Іс-шара аясында алдымен Жалағаш аудандық полиция бөлімі жанынан ашылған тарихи-өлкетану музейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінен кейін қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, ішкі істер органдарының тарихын, ардагерлердің қызмет жолын және өңірдің тарихи мұрасын айшықтайтын құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ қатысушылар Ардагерлер аллеясын аралап, жүзеге асырылған абаттандыру жұмыстарын және аллеяның мазмұндық ерекшелігін тамашалады. Кейін ардагерлер бөлімнің Жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімінің жұмысымен танысып, азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын қабылдау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәулік бойы атқарылатын қызметтің ұйымдастырылу барысымен танысты. Іс-шара соңында ардагерлер Ардагерлер кабинетінде болып, бөлімнің ардагерлер қозғалысының қалыптасу тарихын бейнелейтін жәдігерлермен, марапаттармен және естелік бұрышымен танысты. Кездесу барысында ардагерлер полиция бөлімінде жасалған жағдайларға оң бағаларын беріп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас қызметкерлерге тағылымды тәрбие беру және ардагерлердің өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Қызылорда облысы Ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесі төрағаларының көшпелі отырысы Жалағаш аудандық полиция бөлімінде жалғасын тапты.
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Зерендіде халықаралық марафонға 11 елден 1,5 мыңға жуық қатысушы жиналды
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасыАшу
Ерғали Скендиров Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Ербол Дербісов Түпқараған ауданының әкімі болып тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Облыс әкімі қадірменді қарияларға құрмет көрсетті
Абай облысының әкімдігіАшу
Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады
Атырау облысының әкімдігіАшу
"" жаңалықтары

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
АшуЖасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Ашу
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Ашу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу