Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

    ·
    Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

    Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары және «Игілік», «Береке», «Жайлау» жаңа кредиттік өнімдері бойынша ақпараттандыруға арналған кеңес өтті.
    Іс-шараға Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, «Даму» қорының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның, «Халық Life» өмірді сақтандыру компаниясының және «Көкше» ӘКК» АҚ-ның өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу және жеңілдетілген кредит алу шарттары түсіндіріліп, қатысушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары