
«Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы және «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Департаменттің жас қызметкерлері Ертіс өзенінің бетін SUP-тақталарды пайдалана отырып қоқыстардан тазартуға бағытталған «ERTIS SERUENI»экологиялық акциясына қатысты.
Акцияға қатысушылар белсенді азаматтық ұстаным мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды көрсете отырып, өңірдің экологиялық әл-ауқатын сақтауға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында өзен суын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жүргізілді.
Мұндай экологиялық бастамалар табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді және жастарды маңызды әлеуметтік және экологиялық міндеттер төңірегінде біріктіреді.









