Туберкулездің алдын алу бойынша семинар өткізілді

    Туберкулездің алдын алу бойынша семинар өткізілді

    2026 жылғы 10 шілдеде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігерімен бірлесіп Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-нің 1-ші атқыштар командасы күзетшілеріне семинар-пікірталас өткізді. Іс-шара барысында туберкулездің жұғу жолдары, белгілері, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ мерзімдік медициналық тексерулерден уақтылы өту және жеке гигиена талаптарын сақтау жөнінде ақпарат беріліп, қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары