Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және/немес оның аумақтық департаменттеріне өтінішті қалай беруге болады?

    ·
    Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және/немес оның аумақтық департаменттеріне өтінішті қалай беруге болады?

    📌 Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне өтінішті қалай беруге болады?

    Егер сізде:
    ✔ медициналық көмектің сапасына;
    ✔ медициналық қызмет көрсетуге;
    ✔ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымына;
    ✔ медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауға;
    ✔ медицина қызметкерлерін сертификаттау және аттестаттауға қатысты сұрақтар немесе шағымдар болса, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне немесе оның аумақтық департаменттеріне жүгіне аласыз.

    Өтініш беру тәсілдері:

    🔹 eOtinish платформасы арқылы
    eotinish.kz немесе egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Өтініш беру» қызметін таңдаңыз, Комитетті немесе тиісті аумақтық департаментті көрсетіп, өтінішіңізді жолдаңыз.

    🔹 Жазбаша түрде
    Өтінішті пошта арқылы немесе Комитеттің кеңсесіне жеке тапсыруға болады.

    🔹 Телефон арқылы кеңес алу
    📞 8 (7172) 74-27-68

    ❗ Өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.

    ⏳ Қарау мерзімі:
    • өтініштер – 15 жұмыс күні;
    • шағымдар – 20 жұмыс күні.

    🌐Өтінішті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне, сондай-ақ өтініш берушінің орналасқан жері бойынша немесе мәселенің құзыретіне сәйкес оның аумақтық департаменттеріне беруге болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары