2026 жылғы 10 шілдеден бастап автожолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Ішкі істер министрлігі жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді шараларының бірі - автокөлік жолдарында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау. Бұл тәсіл қауіпті маневрлердің, жылдамдықты күрт арттырудың алдын алып, жүргізушілердің бүкіл жол бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауына ықпал етеді. 2025 жылғы 17 наурыздан бастап орташа жылдамдықты бақылау республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы шамамен екі мың шақырымды құрайтын сегіз учаскесінде жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 10 шілдеден бастап бұл жүйе жалпы ұзындығы 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылады: Ақтөбе - Қандыағаш, Алматы - Қорғас, Көкшетау - Петропавл, Астана - Теміртау және Астана - Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері. Сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңімен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылуда. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізудегі басты мақсат - жүргізушілерді жазалау емес, адам өмірін сақтау екенін ерекше атап өтеміз. Статистикаға сәйкес, жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Барлық жол жүрісіне қатысушыларды белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырамыз. Жолда үнемделген бірнеше минут адам өмірінен қымбат емес. Жол қауіпсіздігі әрқайсымызға байланысты. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Орташа жылдамдықты бақылау тағы бес жол учаскесінде іске қосылады
Ұқсас материалдар

Бокстағы триумф, семсерлесу, академиялық есу мен таеквондодағы тарихи жүлделер, жалпы есепте +3 орын - Қазақстан Азиаданы қалай аяқтады?
ҚР ТСМАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Ашу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
"" жаңалықтары

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
АшуЖасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Ашу
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Ашу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу