Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен қару-жарақ сататын дүкендерде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – нысандардың қауіпсіздігін күшейту, жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды пысықтау. Оқу-жаттығу барысында қару-жарақ дүкендерін күзететін «Фархад секьюрити» ЖШС мен «ТС Секьюрити» ЖШС қызметкерлері және полиция жасақтарының бірлескен әрекет ету алгоритмдері іс жүзінде тексерілді. Сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде нысанды қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл тәртібі пысықталды. Қызметкерлерге күмәнді тұлғалар немесе құқыққа қайшы әрекеттер анықталған жағдайда жедел ақпарат беру, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы іс-қимылдарды дұрыс ұйымдастыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері және өзге де қауіпсіздік құралдарының техникалық жай-күйі тексеріліп, олардың тиімді қолданылуына ерекше назар аударылды. Осындай профилактикалық іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде өткізілетін болады.
Қару-жарақ дүкендерінде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіАшу
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді
Алматы қаласының әкімдігіАшу12 ЖЫЛДАН КЕЙІН: ТӨРЕХАН САБЫРХАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
ҚР ТСМАшу
АЗАМАТТАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Т. Рысқұлов ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанның мемлекеттік саясатында адамның мінез-құлқын зерттеуге негізделген ғылыми бағыт дамып келеді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"" жаңалықтары

Тазалыққа немқұрайлы қараған тұрғынға шара қолданылды
АшуЖасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда
Ашу
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Ашу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Ашу