Мемлекеттік қызмет – халық игілігі үшін
2026 жылғы 08 шілде де «Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тарапынан тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері түсіндіріліп, осы бағыттағы ақпараттық брошюралар таратылды.
Бас маман Төлеген Әнел Серікқызы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу – уақытты үнемдеп, қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін тиімді тәсіл екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарға eGov.kz порталы және өзге де электрондық сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндірілді.




