
Жетісу облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күн сайын жалғастыруда.
Қызмет барысында полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелерді аралап, профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексереді, олармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіп, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіреді.
Ерекше назар алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың алдын алуға, тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен отбасылық жанжалдардың профилактикасына аударылады. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, айналасындағыларды құрметтеу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптары мен құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріледі.
Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қойып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде.
Жетісу облысының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – полиция мен қоғамның ортақ міндеті екенін еске салады. Заң талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның басты кепілі.









