
Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай ауылының мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық мұрасы саналатын домбыраның қадір-қасиетін насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және күй өнерін дәріптеу болды.
Шара барысында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, қазақ мәдениетіндегі орны мен маңызы туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ауыл жастары мен өнерпаздары халық күйлерін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Күй әуені арқылы ұлттық рух пен дәстүр сабақтастығы насихатталды.







