
Құрметті тұрғындар!
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі бүгінгі таңда электрондық форматта қолжетімді. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.
✅ Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
* жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
* жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім алу;
* аукцион өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
* республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскелеріне құқықтар алу;
* жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.
📌 Аталған қызметтерді eGov.kz порталы арқылы, сондай-ақ қызмет түріне қарай Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы алуға болады.
Сонымен қатар, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында eGov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мұнда электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік бар









