ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сайрам ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
    Осы орайда, бүгін аудан аумағында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылып, Қарамұрт ауылдық округі аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойында кең көлемді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, ауыл ақсақалдары мен аудан әкімдігі қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
    Жалпы тазалық жұмыстарына 420 адам қатысып, 12 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында жол бойындағы қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, 2,2 шақырым аумақтағы тікенекті және арам шөптер орылды. Нәтижесінде 3,3 тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.
    Тазалық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты аялауға бағытталған мұндай игі шаралар Сайрам ауданында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары