№6 кіші футбол алаңшасы жаңартылды

    №6 кіші футбол алаңшасы жаңартылды

    №6 кіші футбол алаңшасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Тараз қаласы, «Тонкуруш» тұрғын алабындағы №12–13 тұрғын үйлердің ауласында орналасқан №6 кіші футбол алаңшасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Жөндеу жұмыстарын «ДамуСтройСервис» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырды. Аталған мердігер №6, №17, №18, №20, №28 және №31 кіші футбол алаңшаларына да ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

    Нәтижесінде спорт алаңшасының техникалық жай-күйі жақсартылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалды.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары