Күй күмбірі Әншіқұм төрінде қалықтады

    Күй күмбірі Әншіқұм төрінде қалықтады

    Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұрасы – Ұлттық домбыра күні кеңінен атап өтіледі. Домбыра – ұлттың үні, даланың жүрегі, елдің рухын ұлықтайтын қасиетті қазына.

    Осынау айтулы мерекеге орай Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің інжу-маржаны – әйгілі Әншіқұм төрінде бас қосты. Сонау сайын далада күмбірлеген күй мен Әншіқұмның тылсым әуені үндесіп, табиғат пен ұлттық өнердің үйлесім тапқан ерекше көрінісін паш етті.

    Киелі даланы тербеген қоңыр домбыраның үні ата-баба аманатына деген тағзымның, ұлттық рухқа деген құрметтің айқын белгісіне айналды. Қасиетті күй әуені туған жерге деген сүйіспеншілікті, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін дәріптеп, қатысушыларға ұлттық құндылықтардың мәңгілік мәнін тағы бір мәрте сезіндірді.

    Ұлы даланың төсінде қалықтаған күй күмбірі өткен мен бүгінді жалғап, елдік рухты асқақтатып, ұлттық бірегейліктің мәңгілік символы екенін тағы бір мәрте айшықтады.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары