«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, өңір тұрғындары мен қонақтарының жаппай демалатын орындарында профилактикалық рейдтер өткізуді жалғастыруда.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігінің алдын алу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Рейд барысында мамандар демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрмыстық қалдықтарды табиғатқа тастамауға, табиғатқа ұқыпты қарауға және табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылады. Азаматтарға тыйым салынған жерлерде от жағуға болмайтыны, пайдаланғаннан кейін отты толық сөндіру қажеттігі, ашық отпен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау керектігі түсіндіріледі. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптары мен табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат беріледі.
Жетісу облысының Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауға және табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін ұмытпауға шақырады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция мен ТЖД қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізуде
Ұқсас материалдар

Күзгі абаттандыру жұмыстары
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"Ашу
Қарқаралыда аудандық ветеринариялық станция мен зертхананың жаңа ғимараты ашылды
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты"АшуДенисов аудандық мәслихатының cегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы
Ашу
«БОРЫШКЕР» БІРЛЕСКЕН РЕЙДІК ІС-ШАРАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Шемонаиха ауданы: ГЭС құрылысы, АЖТ зауытын жаңғырту, туризмнің дамуы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіАшу
"Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Хабарландыру жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Өмірдегі қауіпсіздік: полицейлер студенттермен тәжірибе бөлісті
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Жетісу полициясы қараусыз малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтті
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Қарттар күні: қамқорлық – алғыстың белгісі
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу
Полиция камералары құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркейді
Жетісу облысының Полиция департаментіАшу