«Бар әлемді тамсандырған гүл Астана»: елордалық ұстаздар қала күніне ерекше тарту жасады

    «Бар әлемді тамсандырған гүл Астана»: елордалық ұстаздар қала күніне ерекше тарту жасады

    Елорда күніне орай Астана қаласындағы «Tanym» көпфункционалды кешенінің ұстаздары қалаға деген ерекше құрметі мен ыстық ықыласын шығармашылық тарту арқылы жеткізді. Ұстаздар қауымы мерекеге орай «Бар әлемді тамсандырған гүл Астана» атты әнді орындап, туған қаланың көркеюі мен ел дамуына арналған ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Бұл ерекше бастама – ұстаздардың тек білім берумен ғана шектелмей, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен елге деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсететінін айқын аңғартты.

    Ән арқылы педагогтер Астананың тәуелсіз Қазақстанның символына айналғанын, әлем назарын өзіне аударған сәулетті шаһар ретінде ел мақтанышы екенін ерекше атап өтті.

    Мерекелік орындау көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, елордаға деген мақтаныш сезімін арттыра түсті.

    Ұстаздардың шығармашылық тартуы Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралардың мазмұнын байытып, бірлік пен татулықтың, туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі болды.

    Астана – жаңашылдықтың, жасампаздықтың және жарқын болашақтың қаласы.

    Осы орайда «Tanym» көпфункционалды кешенінің педагогтері қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, елімізге тыныштық, халқымызға амандық, ал елордамызға одан әрі гүлденіп өркендей түсуін тіледі.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары