«Қарасора-2026»: Атырауда жастар көп шоғырланатын орындар тексерілді

    ·
    «Қарасора-2026»: Атырауда жастар көп шоғырланатын орындар тексерілді
    Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-инспекторларымен бірлесіп, 1 маусымнан бастау алған «Қарасора–2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жастар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтарда профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.
    Тексеру барысында қызметтік-іздестіру иттері қолданылып, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
    Аталған жедел-профилактикалық іс-шара өз жалғасын тауып, өңір аумағында есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары