Жамбыл облысының жас құтқарушылары – республика чемпиондары

    ·
    Жамбыл облысының жас құтқарушылары – республика чемпиондары

    29 маусым мен 3 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Көкшетау қаласында «Жас құтқарушы» республикалық слеті өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің 19 өңірінен 15-17 жас аралығындағы мектептер мен орта білім беру ұйымдарының оқушыларынан құралған 19 команда қатысты.

    Жамбыл облысының намысын «Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің» білімгерлері қорғады. Команда барлық кезеңдерде жоғары дайындық деңгейін, шапшаңдық пен ұйымшылдықты көрсетіп, байқаулар қорытындысы бойынша республикалық слетте І орынды иеленді. Жас құтқарушылардың бұл жетістігі - олардың табандылығы мен жүйелі дайындығының нәтижесі. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын дамыту бағытындағы жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары