Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтарға жеке қабылдау өткізді

    ·
    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтарға жеке қабылдау өткізді

    Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек азаматтарға жеке қабылдау өткізді

    Қабылдау барысында өңір тұрғындары мүгедектікті белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау, медициналық оңалтудан өту, бейінді мамандардың консультациясын ұйымдастыру, мамандандырылған емдеуге жолдау, сондай-ақ жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

    Әрбір өтініш бейінді мамандардың қатысуымен жеке қаралды. Бірқатар мәселелер бойынша азаматтарға қабылдау барысында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді. Атап айтқанда, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау мәселесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес диагноз қойылған күннен бастап төрт ай өткеннен кейін ғана жолдама берілетіні түсіндірілді.

    Медициналық оңалту мәселесі бойынша азаматтардың медициналық құжаттарына талдау жүргізіліп, тиісті ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, бейінді мамандардың консультациясын ұйымдастыру және пациентті мамандандырылған медициналық ұйымға жолдау мүмкіндігі қарастырылды. Медициналық көмекті одан әрі көрсету тактикасы айқындалып, бақылауға алынды.

    Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынып, жауапты мамандарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.

    Азаматтарды жеке қабылдау халықтың өтініштеріне жедел ден қоюға және медициналық көмек көрсетуге қатысты мәселелерді уақтылы шешуге мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары