«5 шілде – Ұлттық домбыра күні» қарсаңында қызметкерлер үшін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «5 шілде – Ұлттық домбыра күні» қарсаңында қызметкерлер үшін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды
    Әдеп жөніндегі уәкілдің үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес ұжым арасында әдептілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында, «5 шілде – Ұлттық домбыра күні» қарсаңында қызметкерлер үшін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
    Экскурсия барысында қатысушылар өңірдің бай тарихымен, мәдени құндылықтарымен және музей қорындағы бірегей жәдігерлермен танысты. Осындай тағылымды шаралар ұлттық құндылықтарға құрметті арттырып, ұжымдағы әдеп мәдениетін, өзара сыйластық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
    Домбыра – халқымыздың рухы мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген қасиетті мұра. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, рухани сабақтастығымыз нығая берсін!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары