Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

    Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

    Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек көшелерінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Осыған байланысты 5 және 6 шілде күндері бұл учаске ішінара жабылатын болады.

    Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары