Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті

    Астанада Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті

    Астанада «Green Line» аллеясында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік флешмоб өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шараны Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Алтын домбыра» ансамбілі мен Нұра ауданы Ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.

    Мерекелік жиын барысында ансамбль орындауында «Жастар күйі» күмбірлеп, көпшіліктің сүйікті «Еркем-ай» әні шырқалды. Домбыраның қоңыр үні жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнеріміздің құдіретін тағы бір мәрте паш етті.

    Флешмобқа қатысқан елорда тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың шеберлігіне ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Бұл тағылымды шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және халқымыздың рухани мұрасын насихаттауға өз үлесін қосты.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары