ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

    ·
    ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
    ЖЕТІСАЙДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
    Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына 2 мыңға жуық адам қатысты. Ауқымды шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, еріктілер, жастар және аудан тұрғындары жұмылдырылды.
    Сенбілік барысында аудан аумағындағы көшелер, саябақтар, скверлер, әлеуметтік нысандардың айналасы мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, арық-атыздар мен аяқжолдар ретке келтірілді. Сонымен қатар, жол жиегі мен көпшілік жүретін орындардағы бей-берекет жиналған қалдықтар шығарылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
    Экологиялық акцияның басты мақсаты – ауданның санитарлық тазалығын жақсарту, тұрғындар арасында қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және елді мекендердің көркін арттыру. Бұл ретте аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес тазалық жұмыстары тек сенбілік аясында ғана емес, тұрақты түрде жалғасып, ауданның барлық аумағында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
    Жетісай жұртшылығының ортақ іске жұмыла атсалысуы – туған жерге деген жанашырлықтың, қоғамдық жауапкершіліктің және экологиялық мәдениеттің жарқын көрінісі. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай игі бастамалар ауданның тазалығы мен көркеюіне оң әсер етіп қана қоймай, тұрғындарды ортақ іске біріктіретін маңызды қадам болып отыр.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары