Сарысу ауданында профилактикалық іс-шара өтті

    ·
    Сарысу ауданында профилактикалық іс-шара өтті

    Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары тұрғындар арасында судағы қауіпсіздік және жем-шөпті сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ жем-шөпті қауіпсіз жерде сақтау және ашық отты пайдаланбау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, өрт немесе төтенше жағдай кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігі ескертілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары