
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан орталығында орналасқан асханалар мен дәмханаларда, сондай-ақ әртүрлі ғимараттарға жапсарлас салынған сауда орындарында өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында кәсіпкерлік нысандарының иелеріне және қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр және газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын бақылау, эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстау және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі бойынша нұсқаулықтар берілді. Профилактикалық жұмыстар аясында нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ұсыныс хаттар табысталды.









