ҰЛТТЫҚ АЛДЫН-АЛУ ТЕТІКТЕР ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

    ·
    ҰЛТТЫҚ АЛДЫН-АЛУ ТЕТІКТЕР ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

    Адам құқықтары жөніндегі Ұлттыө орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігімен «Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
    ▶️Іс-шараға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов төрағалық етті.
    Кездесуге Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мурат Утешев, облыстық басқармалар мен мемлекеттік органдар, Атырау облысы Полиция департаменті, Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері, Сараптама кеңесі мен Үйлестіру кеңесі мүшелері және Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары қатысты.
    ▶️Жиын мақсаты - Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өкілеттіктері мен міндеттері туралы кеңінен ақпараттандыру. Атырау өңірі бойынша ҰАТ мүшелері болып облысымызға таныс қоғам белсенділері Салтанат Рахимова, Дарья Улжагалиева және Жасұлан Ергалиев сайланған болатын.
    Жиын кезінде жабық мекемелерде жүргізілетін мониторинг жұмыстары, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері жан-жақты талқыланды.
    ▶️Осыған орай, топ жетекшісі Дарья Улжагалиева Ұлттық алдын-алу тетіктері туралы презентация жасап, 2025 жылда қатысушылармен атқарылған жұмыстары турлы баяндап берді.
    ▶️2025 жылы Атырау облысы аумағында Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары 24 алдын ала бару жүргізді. Нәтижесінде олардың тарапынан барлығы 223 ұсыным енгізілді. Оның ішінде 113 ұсыным орындалды (яғни 50,67%). Қалған 110 ұсынымның орындалуы бойынша құзыретті органдар жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
    Сонымен қатар шара кезінде Сараптама кеңесі мүшелері Р.Максотов, Г.Шакирова және Атырау облыстық білім басқармасының басшысы М.Абуов өз пікірлерімен бөлісті.
    Дөңгелек үстел жұмысын өңірлік өкіл Амангелді Абдолов қорытындылай келе, әрбір азаматтың құқығы мен заңды мүддесінің сақталуын қамтамасыз ету қоғам мен мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары