
Екіаша ауылдық округі әкімдігі аппаратында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, оларды электрондық форматта рәсімдеудің артықшылықтары және қызмет көрсету мерзімдері түсіндірілді. Сонымен қатар eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды. Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды. Азаматтарға уақытты үнемдеп, қызметтерді онлайн алу мүмкіндіктері кеңінен насихатталды. Мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.





