
Ауданымызда «Қазақстанның Конституциялық дамуы және жастардың азаматтық белсенділігі» тақырыбында маңызды дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиын барысында мемлекетіміздің басты заңы – Жаңа Конституцияның құндылықтарын қоғамда кеңінен дәріптеу, заң үстемдігін нығайту және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жан-жақты қаралды. Басқосуда аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Дәулетқабылов баяндама жасап, жастардың қоғамдық бастамаларға, волонтерлік қозғалысқа және жергілікті өзін-өзі басқару процестеріне қатысуын арттыру бағытында іске асырылып жатқан нақты жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, іс-шараға өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне елеулі үлес қосқан ардақты зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Қызылов, «Ұлағат» Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Жәнібеков пен Аналар кеңесінің төрайымы Г.Ахметова қатысып, жастардың отансүйгіштік қасиеті мен азаматтық жауапкершілігін нығайту төңірегінде пайымды пікірлерімен бөлісті.
Жиынды қорытындылай келе, аудан әкімі Конституциялық қағидаттарды насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, білім бөліміне және жастар ресурстық орталығына жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қоғамдық бастамаларын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүйелі жалғастыру тапсырылды. Бүгінгі ашық пікір алмасу алаңында айтылған барлық ұсыныстар ескеріліп, алдағы уақытта нақты іс-шаралар жоспары аясында сапалы іске асырылатын болады.







