Шымкентте заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    ·
    Шымкентте заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    Шымкентте заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

    Шымкент қаласында заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімінің 2025–2026 жылдарға арналған бекітілген жоспары аясында Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен құқық қорғау органдарының бірлесуімен рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

    Іс-шара барысында заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

    Аталған жұмыстардың мақсаты – заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік саласында заң талаптарының сақталуын күшейту.

    Бұл бағыттағы профилактикалық және рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары