
Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Жаңғырту соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартудың ең ірі жобасы болды. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды.
Жұмыстар барысында ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылды, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылды. Құрылыс және реконструкция кезінде негізінен отандық өндірістің материалдары пайдала









