
30.06.2026 жыл
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Матай ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл маңызды нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Салтанатты шараға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Адамбек Жеңісұлы Оразалинов және Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Ақышұлы Сабырбаев қатысып, өрт сөндіру бекетінің лентасын қиып, нысанның ресми ашылуын жүзеге асырды.
Іс-шара барысында жаңа өрт сөндіру бекетінің маңыздылығы айтылып, ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Сондай-ақ өрт сөндіру бекетінің кілті салтанатты түрде табысталып, жаңа нысанның қызметіне сәттілік тілеген ізгі лебіздер айтылды.
Жаңа бекеттің ашылуы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, Матай ауылы мен жақын маңдағы елді мекендердің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосады.









