«Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен кездесті

    ·
    «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен кездесті

    Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Аяулым Дарханбек тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін дағдарыс орталығына барды.
    Сапардың мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының кездесетін өзекті мәселелерін талқылау болды.
    Кездесу барысында дағдарыс орталығының басшылығы және мамандарымен ашық пікір алмасу өтті. Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
    Кездесу барысында жастар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық ағартуды дамыту және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аяулым Дарханбек зардап шеккен азаматтарға уақтылы көмек көрсету мен қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және жастар ұйымдарының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға, бірлескен ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бастамаларды әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.
    «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясы жастар бастамаларын қолдау, адам құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қауіпсіздігін, қадір-қасиетін және тең құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық диалогты дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары